ПАРОМШЫ

lat: PAROMSHY

зат. Паромды жүргізуші, паром жұмысшысы.

Әрлі-берлі жүгіріп паромшыны іздеп әуреге түстік (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).

Жарты шақырымдай жерге ағараңдап тұрған паромшының баспанасын көрдік (Қ.Мұхамбетқалиев, Тоғай.).

Паром тоқтап қалыпты да, паромшылар жағада кезекшілер қалдырып, үйді-үйіне қайтып кетіпті (Ж.Жұмақанов, Соқпақ.).