ПАРТЕР

lat: PARTER

[франц. parterre; par үсті, terre жер] зат. 1. Театрлар мен концерт залдарындағы көрермендер отыратын орталық орын.

Сендер енді партерге кіре алмайсыңдар, барып, анау үстінен балконнан қараңдар! деді генерал (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.)

Партер француздың parterre; par үсті, terre жер деген сөздерінен алынған (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Ежелгі Рим театрында жарты шар іспетті орталық алаң партер деп аталған (ҚҰЭ).

Орнымыз партердің алдыңғы қатарында екен. Отырар-отырмастан, увертюра ойнады (3.Шашкин, Доктор Дарханов).

Аманкелдімен қатарлас та, партерде де қонақтар отырды («Қаз. әдеб.»).

2. Саябақтардың құрылысында гүл мен жасыл желек, су хауыздарын орнатып, төңірегін бұта қоршаумен көмкерген ашық алаң.

Партер бақ-парк құрылысына әсем көрік беретін негізгі элементтің бірі болып табылады (ҚҰЭ).

Партерге көбіне мүсін ескерткіштер мен хауыздар, кейбір арнайы егілген ағаштар салтанатты сипат беріп тұрады (ҚҰЭ).