ПАШТЕТ

lat: PASHTET

зат. Алдын ала пісірілген мал еттерінің ұсақталып, оларға май мен дәмдеуіштер қосылған тағамның түрі.

Паштет ыстық және салқын болады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Балық паштеттеріне етке қарағанда пияз, аскөк, глютомат, соя тәрізді қосымша құрауыштар қажет (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Паштет салқын тағамға, негізінен, бутербродқа пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).