ПАТЕНТ

lat: PATENT

[лат. litteral patentes] зат. 1. Сауда жасауға немесе белгілі бір кәсіп қылуға құқық беретін куәлік.

Алдымен сенің балық аулауға патентің жоқ (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

Патентті ҚР Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті береді (ҚҰЭ).

Патенттің 2 түрі бар: алдын ала берілетін патент және негізі патент (ҚҰЭ).

Ауданда шағын кәсіпкерлік субьектілері жылма-жыл көбейіп келеді, бүгінгі күні ауданда 1505 кәсіпкерлік тұлғалар болса, оның 231 патентпен, 40-ы куәлікпен, 1195 шаруа қожалығы, 180-і әртүрлі алымдармен жұмыс істейді, дейді Тарбағатай ауданының әкімі («Егемен Қазақстан»).

2. Белгілі бір ғылым, өнер салаларында жаңалық ойлап тапқан адамның сол өзі ашқан жаңалықты пайдалануға толық ерікті екенін растайтын куәлік қағаз.

Көмірді гидрлеп бензин алу әдісі 1913 жылы ашылған. Неміс химигі Бергиус осы жаңалығы үшін патент алды (Н.Нұрахметов, Синтетика.).

Ғалымдар өздерінің ағзалар мен тіндерді крио-консервациялау әдістерінің патентінРесей Федерациясының мемлекеттік өнертапқыштар реестрінде 2006 жылғы қаңтарда тіркетті («Парасат»). (ҚСӘ).

Институт ғалымдары жасаған ғылыми ұсыныстың 22-сі не шет елдерден патенттер алынды («Білім және еңбек»).