lat: PATENTTEÝ
Патентте етістігінің қимыл атауы; құқықтандыру, куәландыру.
Олардың біразын шетелдер патенттеу арқылы сатып алып та отыр («Білім және еңбек»).
Қуғындаушыларды күшейтіп тұрған басты дәлелі осы, олардың ойынша баяғыда жарияланған еңбекті патенттеу де заңсыз, пайдалану да заңсыз («Зерде»).
Өтінім тақырыбы – босалқы бөлшектер жеткізілімі, жабдықты жөндеу, тауар белгісін тіркеу, өнертабысты патенттеу, несие алу, т.б. (Қаз. тілі термин. Экономика.).