ПАТША

lat: PATSHA

[ир.]зат. 1. Төңкеріске дейінгі Ресей монархының титулы. әкімшілік атағы.

Халыққа әбден тізесі өткен патшаны да халық орнынан аунатып тастап жатыр (С.Бегалин, Замана.).

Аз күнгі дүние қызық жалған үшін, Досынан дос айрылып шығар жолдан. Өтіпті бір бай патша бұрынырақ, Тұсында қызыр шалып бақыт қонған. Болыпты үш баласы сол уақытта, Ержетіп ақылына кәміл толған (Ә. Найманбаев, Шығ.).

Уәлидің үлкен ұлы Ғұбайдолла патшаға қарсы болады да, Сібірге айдалып, сонда дүние салады (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.).

Филип өлді, Ескендір патша болды, жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп көршілерге, Көз алартып қарады оңды-солды (Абай, Шығ.).

2.ауыс. Ел басқарушы, әмірші, құдай.

Болыс деген ол кездегі қазақ аулының патшасы (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).

Тамам жанға бақ пенен мал арманда, ұрыға жүйрік аттың жалы арманда, Жердің жүзін жесе де көзі тоймай, Патшалар да болып жүр әлі арманда (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Иә, губернатор деген жарымпатшамыз Орынборда тұрады, деді Жұманияз (А.Сатаев, Дала.).

3.ауыс. Бағасы, құны артық, ең асыл, ең құнды, басқадан жоғары; төре.

Қызды отауға қарап жетелеп әкетті. Онан соң жүрек айтыпты: Мен адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ.бай, Шығ.).

Жүр! Жігіттің патшасын көрсетейін (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Жылқы малдың патшасы, Түйе малдың қасқасы (Мақал).