ұннан жасалған кондитер өнімі. Печенье өндіру үшін жоғары, бірінші және екінші сортты ұн, міндетті түрде май мен қант қолданылады. Пішіні тік төртбұрышты, домалақ немесе фигуралы болуы мүмкін. Рецептурасына және дайындау ерекшелігіне байланысты печенье қантты (пластикалы, үзілгіш қамырдан пісірілген), созылмалы (эластикалы-серпінді қамырдан пісірілген) және май-қоспалы болады. Қантты печенье тәтті, қою түсті, нәзік, үгілгіш консистенциялы суда жақсы ісінеді, өзіне тән суреті бар. Созылмалы печенье эластикалы серпімді, созылмалы қамырдап жасалады, сондықтан қалыптау кезінде өнімдерді теседі, ол қамырдан газ тәрізді заттардың бөлінуіне ықпал жасайды және деформациялардың алдын алады. Созылмалы печенье құрамында қант мөлшері аз болғандықтан ақшыл түске ие. Ол беріктеу, анық көрінетін қатпарлы құрылымды, ісінуі төмен. Май -қоспалы печеньеге қант, май, жұмыртқа, жаңғақ, дәмдік қоспалар көбірек қосылады. Майқоспалы печенье дайындалып дәмі және энергетикалық құндылығы жағынан пирожный мен торттарға жақын. Май-қоспалы печеньенің кеп түрінің бетін безендіреді (глазурлеу, жаңғақ себу және т.б.)