ПЕН

lat: PEN

шыл. Бен, пан жалғаулық шылауларының фонетикалық варианты.

Мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен айнала тұтқан қалың текемет, тұскиіз, кілемдер бар (М.Әуезов, Шығ.).

Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға (Абай, Тол. жин.).