lat: PENISILLIN
зат.мед.Әртүрлі өсімдіктің көгеріндісінен жасалатын, түрлі микробқа қарсы қолданылатын антибиотик.
Антибиотиктердің ішінен пенициллин ең залалсыз, сонымен бірге ең күшті, уытты дәрі. Кейбір адамның ол дәрі денесін қышытады, ісіреді, кейбір жағдайда, пенициллинді қайталап қолданған кезде адам дел-сал болады, әлсірейді, мұндай жағдайда дәрігердің көмек көрсетуі әбден қажет (С.Субханбердин, Дәрі дертке-дауа, жанға-шипа).
Бірақ өзі он күндей (менің ең қиын кезімде) жанымнан шықпапты. Пенициллин уколына дейін өзі істепті (І.Есенберлин, Шығ.).