ПЕНСИЯ

lat: PENSIaÁ

зат. Зейнетақы (мемлекетке еңбегі сіңген және де қартайған, мүгедек балған, болмаса асырайтын үй иесінен айрылған азаматтарды ақшалай қамтамасыздандыру түрі).

Бұл әскерге өз еркімен кірген қазақ жауынгерлері егер майданда қаза болса оның үй ішіне патша үкіметі тарапынан пенсия беріледі деп жариялаған (І.Есенберлин, Шығ.).

Бұл кезде пенсия, баланың ақшасын, хат, газет-журнал алуға, не болмаса ауданға телефон соғуға келген ауылдың кәрі-жастары қорған тақтайдың ар жағында жұдырықтай ғана болып, тәкаппар отырған Зәкеңді атарға оғы жоқ, әрең шыдар еді… (О.Бөкеев, Ұйқым келмейді).

Өйткені колхоз совхозға ауысып, апалас-төбелеске ұшыраған кезеңде, мен пенсиясыз қалдым, кейін ғой кемпір бас сайын 28 сом «айлық» тағайындағаны, әйтеуір, елде бардың ерні қимылдап жұтамадық, халықтан айналайын, қарнымызды ашырмады (О.Бөкеев,Ұйқым келмейді).