ПЕРІШТЕ

lat: PERİSHTE

Монотеистік діндердегі құдайдың әмірін адамдарға жеткізіп отыратын мифтік көмекшілері. Періштелер туралы түсінік политеистік діни сенімдердің мифологиялық бейнелерінің бір құдайға табынушылыққа бейімделуінен пайда болған. Дін иелері періштені адам қоғамындағыдай түрлі аттар мен дәрежеге бөлген. Ислам дінінде пәтуа көзге ілеспес жылдамдықпен ұшып жүретін денесіз жандар ретінде суреттеледі. Мұсылмандық діни аңыздарда аллаға жақын тұратын төрт пәтуа ерекше әңгімеленеді. Олар: Жәбірейіл, Микэйіл, Исрафил, Әзірейіл. Онда Жәбірейіл Алланың әмірін жеткізіп тұрушы. Микәйіл аспан әлеміндегі тәртіпті бақылаушы. Исрафил ақыр заман келгенін жариялауға дайын тұрған періште. Әзірейіл жан алушы, өлім періштесі делінеді; Ислам мифологиясында періштелердің екі түрі бар: 1) адамның бүкіл өмірін, істерін, мінез-құлқын, қылықтарын жазып отыратын әркімнің сақтаушы екі періштесі болады-мыс; 2) Өлген адамнан жауап алушы, яғни көр періштелері Мүңкір-Нәңкір деп аталады.