ПЕР

lat: PER

ет. Қолмен, таяқпен немесе басқа да затпен ұрып жіберу, салып қалу, соғу.

Үлкен қойды алып соққан өлекшін тыпырлаған қойдың тамағын орып-орып жіберіп жайратып тастап, енді басын көтере беріп еді, дәл осы шақта үнсіз жеткен Иса шоқпарын құлаштап көтеріп ап, дәл қара тұмсықтан періп кеп кетті (М.Әуезов, Шығ.).

Білегін қатты жұлып босатып алды да, мұнайшының кеудесінен періп жіберді (І.Есенберлин, Шығ.).

“Қой-қойлаймын” деп арасына кіре бергенде, қолағаштай жұдырық Қартқожаны құлақ шекеден періп кетті (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Енді өзіне-өзі сүйсініп: “Ал бәлем… Шоқ… Жат солай!” деп тағы да екі-үш рет қара тұмсықтан періп-періп жүгіре жөнелді (М.Әуезов, Шығ.).