ПЕРФОКАРТА

lat: PERFOKARTA

зат.Қалың қағаздан жасалған арнаулы төртбұрышты қалың қағаз.

Жаттығулар үшін жеке тапсырмалар жазылған карточкалар, өз жұмысының қорытындысын тексеріп білетін перфокарталар қолданылып жүр («Қазақст. мект».).

Перфокартада алдын ала тесілген, машина жұмысын басқаратын арнайы бұйрықтар және қай санға қандай операциялар орындау қажеттігін көрсететін нұсқаулар болады (ҚСЭ).

Аударылатын сөйлем машинаға перфоленталар немесе перфокарталар арқылы түсіріледі (О.А.Жәутіков, Жаратылыстану.).