lat: PERFORATOR
зат. 1. Есептеу цифрларын арнайы код бойынша перфокартаға немесе перфолентаға тесік түрінде түсіруге арналған көмекші мәшине.
Перфоратор секундына бірнеше ондаған тесіктен бірнеше жүздеген тесікке дейін түсіреді (ҚСЭ).
Перфоратор еліміздің көптеген өңірінде қазір де кеңінен қолданылып жүр («Білім және еңбек»).
2.геол. Тау-кен ісінде кеңінен пайдаланылатын бұрғылау аспабы.
Жиырма бес килограмдық перфораторды оң жақ кеудесіне тіреп қойып, бір жарым метр болат сүмбімен қаттылығы граниттей көк тасты бұрғылағанда жан шыдатпайды (І.Есенберлин, Шығ.).