ПЕРИМЕТР

lat: PERIMETR

зат.мат. Тұйық контурдың ұзындығы.

Егер нүкте периметр бойында жатса, есеп оп-оңай шешіледі (О.Жәутіков, Математика).

Мәселен, егер дөңгелек пен дұрыс көпбұрыштың периметрлері бірдей болса, онда дөңгелек ауданы үлкен болады (А.Көбесов, Математика тарихы.).

Сонымен, шеңберге іштей сызылған дұрыс көпбұрыштардың периметрлері үдемелі тізбекті, ал оған сырттай сызылған дұрыс көпбұрыштардың периметрлері кемімелі тізбектер құратын болады (О.А.Жәутіков, Жоғары матем.).