lat: PILOTKA
зат. Алғашқыда ұшқыш-пилоттар киген, кейін жалпы әскерилер киетін жазғы, жеңіл бас киім.
Балалардың бірінің басында майданнан қайтқан әкесінің тайпақ пилоткасы, біреуі жалаң бас (Ғ.Мүсірепов, Өмір.).
Өндірдей қара көзді сұлу қазақ, Түсіпті күлімсіреп қырын қарап. Кең иық бүркіт кеуде, сұр шинельді, Пилотка, погонына жұлдыз қадап (3.Қалауова, Таңд. шығ.).