lat: PIRANÁ
зат.зоол.Тұщы суда мекендейтін, қияр балық тұқымына жататын жыртқыш балықтар тұқымдасы.
Пираньясудың химиялық құрамын онша талғамайды, ал грунт ретінде ірі түйіршікті құм пайдаланылады (Қ.Қайымов, Суасты.).
Бұл балықтың 20 шақты түрі бар, солардың ортақ аты – пиранья. Олар бірінен-бірі мөлшері, пішіні, басының пішіні, реңі бойынша ажыратылады, өте жыртқыш балық (Қ.Қайымов, Суасты.).