lat: PISTOLET
зат. Тапанша (жақын қашықтыққа атуға арналған көлемі шағын автоматты атыс қаруы).
Берденке, бомба, мина, зеңбіректер, Пистолет, револьвер, браунингтер һәммәсі бұл уақытта болды тамам, Қылатын жауға қару не керектер (М.Дулатов, Шығ.).
Егер саған күдікті ой келіп, мазалай берсе, ішіңнен дұға қайыр да, мына оқтаулы пистолетті алып, біздің арамызға жат (Қазақтар хақында).