ПИСТОЛЕТ-ПУЛЕМЕТ

lat: PISTOLET-PÝLEMET

зат.әск. Жанды нысанаға 1000 м қашықтықтан оқ тигізетін, жаяу әскердің шапшаң атылатын негізгі қаруы.

Пистолет-пулеметтің конструкциясы үздіксіз немесе кейбір үлгілері жеке-дара атыс (арнаулы тетікті қолдану арқылы) жүргізуге мүмкіндік береді. Оның қорапты немесе барабанды ұясына 20-дан 71-ге дейін патрон-оқ сияды (Қаз. тілі термин. Әскери.).