lat: PLANETA
[грек. planetes] зат. 1. Күннің айналасында эллипсистік орбита жасай қозғалатын шар түріндегі үлкен аспан денелері, ғаламшар.
Біздің Галактикамыздағы тек осындай жұлдыздардың төңірегіндегі планеталардың саны 150 мыңға жуық болу керек деп жорамалданады (М.Құдайқұлов, Ғылым және дін аспан денелері тур.).
Астрономияның ең жаңа табыстары арқасында қазіргі уақытта Жердің және басқа планеталардың, сондай-ақ Айдың физикалық қасиеттерін салыстыруға мүмкіндік бар (Қаныш аға).
Жұлдыз боп ұшқан жұлдыздар Жұлдызға қолды жалғатты. Әрбірі планета боп, Көтерді жерден салмақты (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
2. Жер шары.
Қ.Сәтбаев пен М.Әуезовтің ғажайып дарынына тарихи баға беріле бастады және де осы ой алыптарының есімдері, ғаламат таланты планетадағы барлық халықтар тілінде сөз арқауына айналды (Қаныш аға).