ПЛАНЕТАРИЙ

lat: PLANETARII

зат. 1. Аспандағы Күн, Ай және т.б. аспан денелерінің қозғалысын көрсететін құрылғы.

Планетарий күмбез тәрізді экранға жұлдызды аспанның көрінісін, Күннің, Айдың, планеталардың және басқа аспан денелерінің қозғалысын көрсететін аппарат (Физ.-геогр. терм. ұғымд.).

2. Осы аппарат орналасқан және оның жұмысын бақылап отыратын мекен-жай.

Планетарий дәл кигіз үй сияқты төбесі күмбез, ішіне жүздеген кісі сыйатын дөңгелек үй (Х.Әбішұлы, Халық астрон.). Астрономия, космонавтика және Жер туралы ғылымдар бойынша көпшілікке арналған лекциялар ұйымдастырылатын ғылыми-ағарту мекемесі (Физ. геогр. ұғым мен терм. анықт. сөзд.).