lat: PLANSHET
[франц. рlаnсһеttе]зат. 1. Топография, геология, география карталарын салып жүруге арналған беті жылтыр жалпақ сөмке.
Планшетімнен ескі картаны алдым (Б.Бұлқышев, Адамзат.).
Шоқының мына құдіретіне таңданған Қаныш планшетіне қарады (Шарапат).
2. Бетіне сызба сызуға, сурет салуға арналған, сызу қағазы бекітілетін жиналмалы тікбұрышты тақта.
Қар қалыңдығын өлшейтін топтың әрқайсысында компас, ақ қағазды планшет, рулетка болды (С.Жортанов, Өлке тану.).
– Біз бүгін ақырында әйтеуір планшеттің солтүстік-шығыс шекарасына дейін жетіп қайттық. Олег Сергеевич, сол алқап, міне, мына жерде (Қазақтар хақында).
Бір кезде ол қайтадан басын көтеріп, тез ұмтылып барып, планшетінен қарындаш алды да, машинаға басылған көкшіл жолдар жанына қиғаштап, бірдеңені жаза бастады (Қазақтар хақында).