lat: POETIKA
[грек. poietik fehne] зат.әдеб. 1. Поэзиялық шығарманың құрылысын, суреттеу, бейнелеу тәсілдерін зерттейтін әдебиет теориясының бір саласы.
Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика – әдеби тек пен түрдің, ағымдар мен бағыттардың, стильдер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ көркемдік тұтастықтың әртүрлі деңгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және олардың ара-қатынасын зерттейді (Әдебиеттану термин. сөзд).
2. Ақынның, жазушының немесе әдеби мектептің көркем ұстанымдары мен ерекшеліктерінің жүйесі. ≈ Романтизм поэтикасы.