lat: POLIETILEN
зат.хим. Құбырлар, сымдар мен кабельдерді оқшаулағыштар ретінде қолданылатын физиологиялық тұрғыдан зиянсыз этиленнің полимерленуінен алынатын өнім. Соңғы жылдарда химиктер көптеген полимерлерді қолдан жасап шығарды.
Олар – полиэтилен, капрон, тағы басқалар (Жалпы биология).
Полиэтилен барлық қышқыл, сілтілердің әсеріне төзімді, тоқ өткізбейтін, тотықпайтын қатты пластмасса (Химия өнімдері.).
Органикалық шыныдан немесе полистиролдан жасалған бұйымдар 70–75ºС температурада ал, полиэтиленнен жасалған ыдыстар 100ºС температурада формасын өзгертеді (Шаңырақ энцикл.).