ПОЛИП

lat: POLIP

[грек. polyous]зат.мед. 1. Кейбір мүшелердің ішкі кілегей қабықтары қабыну салдарынан пайда болатын қатерсіз ісік.

Полип көбіне тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулар салдарынан пайда болады (ҚСЭ).

Денсаулығы жөнінде айтқаны: “Ертең үйге шығам. Содан кейін Москва барып полип деген кішкене сүйелімді алдырам да, Москва түбінде аялдап жаңа романымды жазамын” деп өзінің творчестволық жоспары жөнінде бір түрлі шабытпен еліктей сөйледі (Біздің Мұхтар).

Сондай-ақ ортаңғы құлақтың қабынуының асқынуына аденоидтар мен полиптер кеңсіріктің қисаюы, тұмау, танау тесігінің ауруы, т.б. себеп болады (Шаңырақ энцикл.).

2. зоол. Бір нәрсеге жабысып, су түбіне бекіп тіршілік ететін теңіз жәндігі.

Полиптердің пішіні әдетте цилиндр тәрізді. Мөлшері бірнеше мм-ден бірнеше см-ге жетеді (ҚҰЭ).