ПОЛОТНО

lat: POLOTNO

зат.1.Тығыз тоқылған, қалыңдау матаның түрі.

Басында шетен қалпақ, үстінде бозғылт полотнодан тіктірген күртешесі бар бір кісі кіріп келе жатты (М.Дүйсенов, Мейман.).

2. Майлы бояумен салынған сурет.

Сарьянның сүйікті түсі күн сәулесі. Барлық полотноларында күн сәулесі айқын орын алған (I.Омаров, Серпін).

Асхана қабырғалары да осындай үлкен полотно картиналарға толы екен (С.Шаймерденов, Болашақ.).

Көріп тұрғанын полотноғадәлме-дәл түсіріп салған оның мұндай пейзаждары көрушісінде бейжайлық және зерігу сезімін туғызбайды (Қазақтар хақында).

3.ауыс.Көркем шығарма арқылы тілмен бейнеленген, жеткізілген өмір суреті.

Дегенмен, осының бәрі болады десек те, Мұхтардың өз өмірі, нақ Абай өміріндей-ақ үлкен бір көркем полотноға арқау-өзек етерлік өмір екенін айрықша атап айтқым келеді (Біздің Мұхтар).

Мұхтар Омарханұлы сыпайылық сақтап отыр, әйтпесе оның романы Абай заманындағы қазақ қоғамының, әрі Абайдың өзінің суреті. Мұндай полотнолар жасауда ол Маяковскиймен бәсекелес адам (Біздің Мұхтар).