ПОРТРЕТ

lat: PORTRET

[франц. portrait]зат.1.өнер. Бейнелеу өнерінде: кескіндеме, мүсін, графика, фото өнерінің басты жанрының бірі.

Негізінен суреткер портретті өз тұстастарынан тікелей натура арқылы бейнелейді (ҚСЭ).

Сәтбаевтыңпортреттері ішінен маған ең ұнайтыны суретші Николай Гаевтің қолдан салған бейнесі (Қаныш аға).

Жақсы-ақ екен бүгін де Етсін атаң сәл сабыр, Сен саларсың түбінде Портретімді ең тәуір! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

2.әдеб. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің түр-түсінг кескін-келбетін, жүріс-тұрысын суреттеушілік. Нағыз шынайы портрет пен күнделік тірлік, тұрмыс ұғымындағы портретпроблемасы жан-жақты талқыға түсті (Біздің Мұхтар).

Сырбай әуендерінің тағы бір зор қасиеті тарихи адамдардыңпортретін көркем теңеулермен аз сөзге көп мағына сыйғызып беруінде (I.Омаров, Серпін).

Жазушы осы трагедиялық көріністі бейнелеуде үлкен шеберлік үлгісін танытып, Көксерек портретінің соңғы бояуын жағып, шеңберді тұйықтаған (Р.Нұрғалиев, Күретамыр).