lat: PREDSEDATEL
ор.зат.сов. 1. Мемлекеттік аппараттық, кейбір мекемелер мен ұйымдардың бастығы, басшысы.
Біраз уақыттан кейін Геология-минерология ғылымының докторы Қ.И.Сәтбаев Алматыдағы Геология институтының директоры болып тағайындалады, СССР Ғылым академиясы қазақ филиалының председателі болып сайланады (Қаныш аға).
2. Жиналысты, мәжілісті басқару үшін сайланған адам.
Төрде, үстін қызыл шүберекпен жапқан кішірек столда, отырған үш адамның ортадағысы слесарь Лапшин – сот председателі (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).