ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

lat: PREMER-MINISTR

зат. Үкімет басшысы; министрлер кеңесінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрінқызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады (ҚР Конституциясы).

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді (ҚР Конституциясы).

Оған себеп те жоқ емес еді, өйткені, өзіне дейінгі үш премьер-министрде Ұлыбританияда білім алған болатын (Заң газеті).