ПРЕПАРАТ

lat: PREPARAT

[лат. praeparatus]зат.1.мед. Арнаулы фабрикада, лабораторияда әзірленген химиялық не фармацевтік дәрі-дәрмек. Химиотерапия препаратын қолданудың нәтижесінде ғана қаны уланып ауырған адамдардың бұл аурулардан қаза болуы 60-80 проценттен 10 процентке кеміді (С.Субханбердин, Дертке-дауа, жанға-шипа).

Мұның өзі синтез әдісімен гормоналды препарат немесе оның орнына жүретін препарат жасауға, мәселен, инсулин (ұйқы безінің гормоны) және бүйрек безінің гормонын жасуға мүмкіндік берді (С.Субханбердин, Дертке-дауа, жанға-шипа).

2. Химиялық зерттеуге әзірленген зат.

Радий препараттары бар жұмыс орындарында барлық манипуляциялар арнайы аспаптармен істеледі (М.Қайрақбаев, Рактан. сақтан.).