lat: PREZIDIÝM
зат. 1. Жиналысты, мәжілісті басқару үшін уақытша сайланған орган.
– Достарым, жаңа құрметті төраға Бүркіт Күнтуаровтың арызын оқып шыққанда, – ол президиумда отырған сұлу өңді, қара торы кісіге бір қарап қойды, менің көзіме жас келді (І.Есенберлин, Шығ.).
2. Кейбір мекемелердің белгілі мерзімге сайланып қойылған басқарушы органының аты.
Кешке қалалық кеңестің президиум мәжілісі болып, Күміс соған қатынасып еді (Б.Майлин, Шығ.).