lat: PRINSIP
зат. Ұстаным. 1. Қағида, әбден қалыптасқан барлық адамдарға ортақ заңдылық, бұлжымайтын тұжырым, айнымас көзқарас.
Бұған дейінгі ұстанған өмірлік принципім: берген қызметті адал атқару («Парасат»).
Бай рудалы кендерді осылай әр жақты, комплексті түрде зерттеп, олардың экономикалық маңызын дұрыс анықтап, жедел өндіріске қосу Қ.И.Сәтбаевтың осы кездегі практикалық өмір жолындағы негізгі принципі болды (Қаныш аға).
2. Саясаттағы, ғылымдағы негізгі қағида, ұстаным; іс-әрекеттегі жетекші ереже.
Орыс тіліне аударылған жырлар мәтіндері аталған басылым серниясына арнап жасалған ғылыми принциптерге сәйкес келеді, орысша аудармалар екі жырдың қазақ тіліндегі түпнұсқасының көркемдік және тілдік ерекшеліктерін үмкіндігінше дәлме-дәл береді (ҚӘ).
Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады (ҚР Конституциясы).