ПРОГРАММА

lat: PROGRAMMA

[грек. programma] зат. 1. Бағдарлама (алға қойған мақсатқа жету, іс-шараны жүзеге асырудың бағыт-бағдары, жоба-жоспары).

Бұл сөдерді алдағы ізденістің үлкен бір программасындай қарыс алдым мен («Парасат»).

2. Сабақтың, оқудың қысқаша мазмұны.

Ертең белгілі программа бойынша сабақ басталатынын айтып, балаларды таратып жібердім (С.Көбеев, Орынд. арман).

Мектептегі программа бойынша өтетін сабақ мұғалімнің барлық іс-әрекетінің ұйтқысы («Қазақст. мект.»).

3. Спектакль, концерт көрсетудің желісі, реті, тәртібі.

Концерттің программасында Қазақстан композиторларының әндері мен билері, түрлі көркем сөздері бар («Лен. жас»).