ПРОКУРАТУРА

lat: PROKÝRATÝRA

зат.заң. Мемлекеттік заңның орындалуын бақылау және заңды бұзушыларды сотқа тарту міндеті жүктелген орган.

Іс қағаздарын әзірлеп прокуратураға өткізіңіз (Қоғамдық тәртіп.).

Прокуратура мемлекет атынан республиканың территориясына заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, оперативті іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асырады (Заң термин. сөзд.).

Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді (ҚР Конституциясы).