ПРОЦЕНТ

lat: PROSENT

зат. Пайыз (бірлік ретінде алынатын бүтін санның жүзден бір бөлігі).

Бәсе, кәнеки, айтып беріңізші маған? Алысты қояйық, осы жылы біздің кеңсе қанша процент қазақыланды? (М.Әуезов, Шығ.).

Аз уақытта біздің трест үлкен өнліріс орнына айналды. Мысқазған кенінің алпыс процентін біз беретін болдық (І.Есенберлин, Шығ.).

Сондықтан мен, жоқ, біз жастар, ақын Күнтуаровты ассоциациямызға алуға жүз процент дауыс береміз (І.Есенберлин, Шығ.).