ПРОТЕЗ

lat: PROTEZ

зат.Адамның кеміс мүшелерінің (аяқ, қол т.б.) орнына жүретін жасанды зат.

Кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан болу керек, себебі аяғында протез(М.Неталиев, Үлкен жол.).

Әлсіз өкпе тарылтса тыныс, демін, Отырады шабытты күйге ене алмай. Қалтасына сұға сап қуыс жеңін Протезге жүр әлі үйрене алмай (Н.Хасенов, Туған.).

Протездер ағаштан, металдан, пластмассадан, былғарыдан, ал тіс протезі фарфор, керамикадан жасалады (ҚҰЭ).