Пайдалы қазбалар

lat: Paıdaly qazbalar.

геол. Жер қыртысында органикалық немесе органик жолдармен жасалған және материалдық өндіріс саласында ұтымды пайдаланылатын минералдық түзілімдер, шикізаттар.

Пайдалы қазбалар геологиялық тарих барысында экзогендік және эндогедік прцестердің ықпалымен қалыптасады (Қаз. тілі термин. Геология.).

Пайдалы қазбалар газ, сұйық және қатты түрінде кездеседі (Қаз. тілі термин. Химия).

Пайдалы қазбалар құрылыс пен өнеркәсіп негізі бола отырып, еліміздің экономикасында орасан зор маңызға ие болады (Т.Қалыбеков, Экология және ашық кен).