Палубалық авиация

lat: Palýbalyq avıasıa.

әск. Әскери-теңіз флоты авиациясы.

Палубалық авиацияға ұшу-қону (ұшыру) палубасы бар кемелерде (авиатасушылар, тікұшақтасушылар, сүңгіру қайыққа қарсы қолданылатын крейсерлер және басқалар) орналасқан әртүрлі мақсаттарда қолданылатын ұшақтар (жойғыш-шабуылдаушы ұшақтар, сүңгіру қайыққа қарсы қолданылатын барлау ұшақтары, алыстан радиолокациямен іздеп-табу және радиоға қарсы қимылдық ұшақтары) мен тікұшқтар кіреді (Қаз. тілі термин. Әскери).