ПАРАЗИТОЛОГИЯ

lat: Parazıtologıa

[грек. parasitos арамтамақ, logos ілім] зат.биол. Биология ғылымының паразитизм құбылысын жан-жақты зерттейтін бір саласы.

Паразитология бір организмнің екінші организм есебінен қоректенуін; паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасын, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін; дене құрылысын, тіршілігін, дамуын, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым (ҚҰЭ).

Паразитология, ең алдымен, паразиттің құрылысын, тіршілік әрекеттерін, иесінің организмінде мекендеуге бейімделуін, даму сатыларын, географиялық таралуын жан-жақты зерттейді (ҚСЭ).

Паразитология геректің parasitos арамтамақ, logos ғылым деген сөздерінен жасалған термин (Қаз. тілі термин. Геология).