ПАРТИЯ

lat: Partıa

1 [лат. partis]зат.саяси. 1. Қандай да бір қоғамдық таптың мүддесін қорғап, ортақ мүдде негізінде біріккен, өкімет билігіне ұмтылатын саяси ұйым.

Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (ҚР Конституциясы).

Алғашқы саяси партиялар ежелгі Греккияда пайда болды (ҚҰЭ).

Немістің көрнекті саясаттанушысы М.Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристрократ үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар (ҚҰЭ).

Қоғамның қай тобына партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін құрайды (ҚҰЭ).

Мәселен, Конституцияда Қазақстан жерінде басқа ел партияларының жұмыс істеуіне рұқсат берілмейтіні айтылған Ақиқат»).

2.көне. Жан-жаққа бөлінген топ, одақ, жік.

Жан-жақ партия боп тартысқан қызу жандардың күресінен мен аулақ қалған адаммын, деді Құрбанов (X.Есенжанов, Ақ Жайық).

Барымта мен партия, Бәрі мастық, жұрт құмар. Сыпыра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? (Абай, Шығ.).

Тек отырмай, атыңды алысқа айда, Партия жағаласқан жарысқа айда. Жердің жүзін жеңіп ал жанды салып, Дос қайда, құда қайда, таныс қайда?… (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

16-ғасырда Қырымда таққа таласқан екі партия болды (С.Сейфуллин, Шығ.).

Болды да партия Ел іші жарылды, Әуремін мен тия Дауың мен шарыңды (Абай, Тол. жин.).