lat: Pasıv
[лат. passiv – енжар, әрекетсіз]зат.экон. 1. Бухгалтерлік теңгерімнің бір бөлігі.
Пассивтің оң жағы кәсіпорын (фирма, компания, ұйым) қаражатының белгілі бір күні құралу көздерін, нысаналы мақсатын, тиесілілігін көрсетеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).
Елдің шетелдегі шығысының шетелден түсетін түсімнен асып түсуі (мысалы, тауар желімі нәтижесінде) және төлем балансының тапшылығы пассив болып табылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).
2. Бір нәрсеге немқұрайды қарайтын, енжар, селқос (адам); белсенді емес.
Ол соншалықты пассив емес еді ғой. (Ауызекі). .