lat: Passattyq aǵystar.
геогр.Солтүстік, Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктерінде басым сипатқа ие пассаттардың әсерінен Дүниежүзілік мұхитта туындайтын беттік ағыстар.
Пассаттық ағыстар шығыстан батысқа бағытталады. Экватор маңында пассатарлық қарсы ағыстарға бөлінеді (Қаз. тілі термин. Су.).
Үнді мұхитының солтүстігінде муссондық айналымға байланысты пассаттық ағыстар тек қыста байқалады (Қаз. тілі термин. Су.).