lat: Patologıa
[грек. pathos – ауру, logos – ілім] зат.мед. Мал және адам ағзаларының ауруға шалдығуын, физиологиялық үдерістерінің өзгерісін зерттейтін медицина ғылымының бір саласы.
Менің айтайын дегенім – іздену үшін өзің көздеген патологияның сыр сипаты мен жақсы таныс бол (Е.Оразақов, Дәрігер.).
Өлкелік (дұрысырақ айтсақ, географиялық) патологияның алдында қатерлі ісіктердің пайда болуының және олардың әр жерге әр түрлі тарауының заңдылықтарын зерттеу мақсаттары тұр (М.Қайрақбаев, Рактан сақтан.).
Патологияның негізгі екі саласы бар: патологиялық анотомия және патологиялық физиология (ҚҰЭ).