ПЕДАГОГИКА

lat: PedagogIKA

зат. Оқыту, білім беру және тәлім-тәрбие жұмысын жүргізудің методы туралы ғылым.

Тәрбие пәні педагогика деп аталады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Тегінде тәлім-тәрбие жұмысыпедагогика іліміне қатысты сала (Семья тәрбиесі).

19 ғасырдың басында нарықтың қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар: жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді), сәбилер мен мектепалды педагогикасы, мектеп педагогикасы, сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді), жеке пән әдістері, педагогика тарихы (ҚҰЭ).