lat: Perınatologıa
[грек. peri – маңында, айнала, лат. natus – туу және грек. logos – ілім] Құрсақтағы нәрестенің және жаңа туған сәбидің перинаталдық кезеңіндегі дамуы мен денсаулығын қорғау мәселелерін зерттейтін акушерлік іс пен педиатрияның саласы.
Перинатология 1973 ж. медицинаның жаңа саласы ретінде акушер-гинекологтардың 7-дүниежүзілік конгресінде қабылданған (ҚҰЭ).