Периодты бөлшек

lat: Perıodty bólshek.

Белгілі бір орнынан бастап периодты түрде қайталанып отыратын цифрлардың белгілі бір тобынан құралатын шектеусіз ондық бөлшек.

Кез келген рационал санды ондық бөлшек түрінде көрсеткенде әр уақытта не шекті бөлшек, не периодты бөлшек шығады (ҚҰЭ).