lat: Perpendıkýlár
зат.геом. Бірімен-бірі тік бұрыш жасай алатын түзу сызықтар.
Сфералық беттің кез келген жазықтықпен қиылысу сызығы шеңбер болады, шеңбердің центрінен өткен сфераның радиусы шеңбер жазықтығына перпендикуляр болады (М.Әмірбаев, Аналит. геометрия).
Нүкте мен түзудің ара қашықтығы, түзудің жазықтыққа перпендикулярбелгісі болады («Халық мұғ.).
Диск белгілі бұрыштық жылдамдықпен өзінің центрінен өтетін жазықтыққа перпендикуляр осьтен айнала қозғалады (О.А.Жәутіков, Жоғары математика.).