ПЛАСТИКАЛЫҚ

lat: PlasIKALYQ

сын. Механикалық күштер әсерінен өлшемдері мен пішіндерін қайтымсыз өзгертетін.

Кристалл денелердің пластикалық қасиеті оның әртүрлі сыртқы әсерлерге (температура, күш, деформациялану жылдамдығы) тәуелді болатын микроскопиялық құрылымына байланысты (ҚҰЭ).

Жердің ядродан өзге қабаттары қатты күйде деп саналады, бірақ жоғарғы температура мен қатты қысым әсерінен тым тереңде жатқан материя пластикалық қасиетке ие болады (К.Сапарбайұлы, Геология.).

Пластикалық жағар майлар үйкеліске қарсы, машина механизмдерін ұзақ мерзімге сақтауға, қозғалатын детальдарды тығыздауға қолданылатын болып бөлінеді (Қаз. тілі термин. Тамақ.).