lat: Pnevmonıa
[грек. pneumon]зат.мед. Өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы.
Өкпедегі ісік алдындағы ауруларға көпке созылған бронхиттер мен пневмониялар жатады (М.Қайрақбаев, Рактан сақтан.).
Балалар пневмониясының кейбір ерекшеліктері болады (Шаңырақ энцикл.).
Ошақты пневмония көбінде басқа аурулардың асқынуы салдарынан пайда болады (Шаңырақ энцикл.).