ПОЛИФОНИЯ

lat: Polıfonıa

[грек. poly көп, phonia дауыстылық]зат. Музыкадағы тең көпдауыстылық, яғни бірнеше дауыстың бірігіп көп дыбысты үйлесу құбылысы.

Полифония Бах пен Гендельдің дәуірінде қатты дамыды, кейіннен оны Моцарт жалғастырды. Полифониялық романда автор дауысының кейіпкерлер дауысынан ешбір артықшылығы жоқ. Бахтың полифониялық роман теориясы сұхбат теориясын, сананың, жалпы мәдениеттің сұхбаттылығын философиялық тұрғысынан қалыптастыруға ықпал етті («Жас Алаш»).